KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде орын алған 5 жол-көлік апатынан 5 адам қайтыс болып, 9 адам жарақаттанды

30.06.2013, 18:00 159


Шығыс Қазақстан облысында бір күнде орын алған 5 жол-көлік апатынан 5 адам қайтыс болып, 9 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкпекті-Васильев асуында таңғы 06.20 сағатта Мерседес Бенц автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырғандықтан басқаруға ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші мен көліктің салонында отырған тағы үш жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Дәл осы күні Омбы-Майқапшағай тас жолының Сарбұлақ учаскесінде Тойота Ланд Крузер автокөлігі аударылып, жүргізушісі сол жерде тілсіз кеткен. Жол сақшыларының айтуынша, бұл жүргізуші де жылдамдықты шамадан тыс асырған көрінеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив