KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Үржар ауданында соққан қатты дауыл кезінде бір бала қаза болып, екіншісі ауыр жарақат алды

8.08.2013, 18:00 333


Үржар ауданында соққан қатты дауыл кезінде бір бала қаза болып, екіншісі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Егінсу ауылының үстінен жүріп өткен топырақ аралас қатты жел тұрғындарға қайғы ала келді. Қара жел аспанға қарай тік көтеріліп, қайта соққанда жолындағының барлығын жапырып кетті.

Дауылға дейін ауылдың бір топ баласы әдеттегідей суға шомылуға аттанған болатын. Ашық аспан мен ыстық күнге алданып қалған балалар оларды алда күтіп тұрған бақытсыздықтан бейхабар еді. Аяқ астынан пайда болған қаратүнектен шошынған жас өспірімдер жалма-жан үйді-үйлеріне қаша жөнеледі. Ал Арсель Дәлдебеков пен Асай Дәулет дауылдың аяқталуын күте тұрмақ болып, үлкен қарағаштың түбіне жасырынуға бел буады. Бұл олардың басты қателігі болды.

Құтырынған дауыл қарағашты түбірімен жұлып алып, балаларға қарай лақтырып жібергенде Арсел Дәлдебеков сол жерде тіл тартпай кетті. Ал құрбысы Асай Дәулет болса ауыр жарақаттармен аудандық ауруханаға түсті.

Егінсу ауылының тұрғындарының айтуынша, табиғат апатының орнына не аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен, не басқа да құзырлы органдардан бір де бір адам келмеген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив