KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Өскемендік «Восток» футбол клубының жастар құрамы мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды

4.08.2013, 18:00 148


Өскемендік «Восток» футбол клубының жастар құрамы мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды. Бұл жеңіске турнир кестесінің екінші сатысында өкшелеп келе жатқан павлодарлық «Ертістің» жеңілісінен кейін бек қол жеткіздік, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Турнирдің аяқталуына бір ойын қалғанда, Павлодар-дың «Ертісі» мен алматылық «Қайрат» клубының жас-тар командалары арасында кездесу өтті. Осы матчта керекулік аяқдопшылар үшін турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Востокпен» арадағы ұпай айырмашылығын қысқартуға тамаша мүмкіндік болған. Бірақ, оңтүстік астанаға қонаққа барған «Ертіс» ойыншылары ойламаған жерден 1:3 есебімен ұтылып, басты қарсыластарын мерзімінен бұрын чемпион атандырды!

Ал турнирдің аяқталуына бір ойын қалғанда, ұпай көрсеткіші бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізген «Восток» командасы қарағандылық «Шахтермен» жасыл алаңға шығып, тең нәтижемен тарқасты. Бұл кездесуде екі жақтың қақпасына да бір де бір гол соғылған жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив