KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Ауылдарына нағыз омарташы болып оралды

4.08.2013, 18:00 172


Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Өскемен» білім тарату орталығында үш жарым ай ара өсіріп, бал алудың қыр-сырын оқып, меңгерген 20 адам ауылдарына нағыз омарташы болып оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Глубокое ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жаңа кәсіпті оқып-үйренген бұл ауыл тұрғындарының көпшілігі үйлерінде аз да болса ара ұстап, пайдалы шаруаның игілігін көріп келе жатқан жандар. Қысқа мерзімдік оқу курсында олар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалым-дарынан тәлім алып, облыстағы ірі омарта шаруашылықтары иелерінің тәжірибесін үйренді.

Рамзан Крючков 20 жылдан бері омарташылықпен айналысып келеді. Туысқаны Анна екеуі оқуға білімдерін жетілдіріп, ара өсірудің, бал алудың заманауи тәсілі мен технологияларын үйреніп, несие алудың мүмкіндіктерін айқындау үшін келіпті.

– Орталықтағы оқыту жүйесі білім алушылардың сұранысын, талабын есепке ала отырып жүргізіліп келеді.
Оқыту семинарларына қатысушылар-дың жатын орны мен тамағы тегін, – дейді орталық директоры С.Капице.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив