KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Облыста өсімдік шаруашылығы шағын әрі қолайлы техникалармен қамтамасыз етіледі

8.04.2013, 18:00 210


Глубокое ауданындағы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдік шаруашылығын шағын әрі қолайлы техникалармен қамтамасыз ету мәселесі 2014 жылы шешіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Шығысқа келген іссапары барысында институттың "Өскемен" білім тарату орталығында болған кездесу кезінде айтты.

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері басқосуда өңірде бал өндірісінің өркендеп келе жатуына байланысты оны сату жағын мемлекеттік деңгейде реттеу қажет деген мәселені де көтерді.

"Балды шетелге шығару үшін инфрақұрылымдарын жетілдіріп, сертификаттау керек. Балды әртүрлі көлемдегі ыдыстарға құйып шығару арқылы саудалауға болады. Сол үшін арнайы зертхана ашуды қарастырып жатырмыз. Қызылордадағы жәрмеңкеде Шығыс балы тез өтіп кеткенін де айтып отырсыздар. Енді Қазақстанның Оңтүстік облыстарында бал жәрмеңкесін ұйымдастыру, фирмалық дүкендер ашу қажет" деді министр.

Асылжан Мамытбеков 2014 жылдан бастап Глубокое ауданындағы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдік шаруашылығын шағын әрі қолайлы техникалармен қамтамасыз ету мәселесі де шешіліп қалатындығын, лизингке техника алу жағын да осы бастан қарастыруды атап өтті.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив