KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Алып құйын торнадо Шығыс Қазақстанда болып өтті (+видео)

29.07.2013, 18:00 175


Тосыннан болған табиғи құбылыс талай адамға жұмыс тауып берді. Шығыс Қазақстанның кейбір өңірлерінде қатты дауыл үйлердің шатырын жұлып әкетсе, көлемі грек жаңғағынан кем емес бұршақ жайқалып өскен бау-бақшаны жапырып кеткен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауа райының күрт бұзылуынан Өскемендегі электр қуатын тарататын трансформаторлық стансалар істен шығып, Ескі мұнай базасы ауданында, Мирный кентінде, сондай-ақ, Ярослав, Шоссейная, Чернова, Белинский және Бажов көшелерінде жарық сөнді.

Шелектеп құйған жауын қала көшелерін көлге айналдырса, ең ірісінің диаметрі 40 миллиметрге дейін жететін бұршақ бау-бақша мен астықты алқапқа зардап шектірді. Қатты соққан дауылдан ағаштар сынып, құлап, төмендегі көліктерді қиратқан.

Мұндай құбылыс облыс орталығынан бөлек Глубокое мен Шемонайха аудандарында және Риддер қаласында да болыпты.

Сондай-ақ, дәл осы күні біздің аймаққа тән емес табиғи құбылыстың бірі американдық алып құйын торнадоның шағын түрін Өскемен-Семей бағытында көлікпен кетіп бара жатқан жолаушылар көріп, бейнетаспаға түсіріп алыпты.


видео Youtube.com сайтынан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив