KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанда қар аралас бұршақ жауды

13.05.2013, 18:00 163


Шығыс Қазақстандағы Бородулиха ауданында қайтадан қыс келді,деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна тілшілері хабарлағандай, 30 градустық аптап ыстық бір күннің ішінде қарлы қысқа айналып шыға келген. Табиғаттың тосын мінезіне қайран қалған тұрғындар қардан аққала соғып, ұялы телефондарына түсіріп, мәз болуда.

Өткен түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеген. Таңертеңнен бастап кейбір аудандарда қар аралас бұршақ соқты.

Күн райының күрт бұзылғанына бәрінен де бау-бақша иелері алаңдаулы. Жайқалып тұрған ағаштар мен желектер бұршақтың астынада қалды.

Өскемен қаласындағы метеорология орталығының мамандары Шығыс Қазақстанда ауа райы тек аптаның соңына қарай жылынатынын ескертеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив