KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Ертіске бекіре шабақтары жіберілді

15.06.2016, 18:00 226



Ертіс өзеніне бекіре шабақтары жіберілді. Бұл балықтың түрі екі жылдан астам уақыт бойы Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» ғылыми орталығында өсірілген.

Осы уақыт аралығында мамандар бекіренің Ертістің суына бейімделуі, қоректенуі, жалпы тіршілік етуін мұқият зерттеген. Аквамәдениетті дамыту бағдарламасына сәйкес іске асырылып отырған аталмыш жоба көп ұзамай өз жемісін беретініне мамандар сенімді.

- Агротехнопарк кешенінде өсірілген 50 балықтың 15-і Ертіс өзеніне жіберілді. Қалғаны тоғандарға арнайы келісімшартпен жіберіліп, ары қарай олардың өсіп, жетілуі ұзақ мерзімде зерттелетін болады, - дейді жоғары оқу орнының кафедра меңгерушісі Балнұр Ахметова.
Естеріңізге салсақ, Сібір бекіресі Ертісте ежелден тіршілік еткен. Алайда, өткен ғасырда адами және экологиялық факторлар салдарынан бағалы балықтың тұқымы құрып кеткен болатын.

Серік Әбілхан




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив