KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Семей спортшылары әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

29.07.2013, 18:00 122


Қол күресінен Әлем чемпионатына бірнеше жолдаманы жеңіп алған Семей спортшылары дүбірлі додаға қатыса алмайтын түрі бар. Себеп біреу – қаржы жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Польша жерінде байрағы көтерілетін беделді халықаралық турнирге қатысу мүмкіндігіне олар Азия чемпионатында қол жеткізген жеңістерінің арқасында ие болып отыр. Бірақ қаладағы қол күресінен спортшылар дайындайтын жалғыз секцияның білектілері қаржы тапшылығынан ел қоржы-нына кезекті жүлдені сала алмайтын секілді.

Қазір аталған секцияда 4 спорт шебері, 16 спорт шеберлігіне үміткер және 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері жаттығып жүр. Олардың ішінде Азия біріншілігінде алтыннан алқа таққан Марат Самарханов, Олжас Нұртас және 63 жастағы Оңдарқан Ақбаев (ардагерлер арасында үздік шықты) бар.

Спортшыларға қаржы тауып беру міндеті қалалық спорт бөлімінің құзыретіне қарамайтындықтан, олар қаржыландыру мәселесін шешіп беруді өтініп, Өскемендегі облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасына ресми хат жазыпты. Ал әлемнің әр түкпірінен кіл мықтыларды жинайтын чемпионатта Қазақ елінің намысын қорғауға қос білегін түрініп дайын отырған біздің жігіттер болса демеушілерді іздеп табуға әрекеттенуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив