KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Ардагер спортшы Польшаға барады

21.08.2013, 18:00 89


Өңірімізде жасы зейнеткерлікке жетсе де, спорт деген құдыретке құлшына араласып, біліктілік танытып жүргендер баршылық, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оңдас Ақбаев – Үржар ауданы Мақаншы спорт мектебі директорының орынбасары, одан кейінгі жылдары С.Сейфуллин мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Семей қаласында да біраз жыл еңбек етті.

Жұмыстан бос уақытында спортпен шұғылданып, қол күресі турнирлеріне қатысады. Биыл ардагеріміз республикалық турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ташкент қаласында өткен Азия біріншілігінде ол жеңіске жетіп, екі алтынның иесі атанды, сөйтіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атаққа ие болды.

Қазіргі уақытта ардагеріміз Польша мемлекетінде өтетін турнирге дайындық үстінде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив