KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделу жөндеу басталды

3.02.2013, 18:00 183


Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кентінде № 7 тұрғын үйде терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу басталды. Қазір подъездің төрт қабатындағы ескі терезелер пластикалық терезелерге ауыстырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын бастау алдында пәтер иелерінің арасында сауалнама жүргізілді. Тұрғындардың 2/3 бөлігі өздерінің келісімін берген.


Аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Е.Рахымбаевтың айтуынша, мемлекеттік сараптама жасалып, смета бойынша сараптамалық қорытынды шығарылды. Тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына 11 миллион теңгеден астам қаражат керек. Әрлеу жұмыстарының әрбір шаршы метріне 42 мың 840 теңге жұмсалады . Ақпан айының соңына дейін үйдің төбесін қайта жабу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қалған жұмыстар үстіміздегі жылдың мамыр айында басталады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив