KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, З
485.04 525.98 5.04

Глубокоедегі аурухана құрылысы келесі жылы аяқталуға тиіс

2.07.2013, 18:00 238


Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое аудандық ауруханасы құрылысының ұзаққа созылуы тұрғындарды шын мәнінде алаңдатқан еді. Сағыздай созылған аурухана құрылысы медицина қызметкерлеріне де, тұрғындарға да үлкен ыңғайсыздық тудыруда. Бірақ, құрылыс алаңында қазір жұмыс қайта қыза түскен. Бас мердігердің орнын Өскемен қаласының «Элхон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс фирмасы басты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Телім бастығы Қалиқан Жумекенев қазіргі уақытта бұрынғы «Кумаров и К» мердігер ұйымнан нысанды қабылдап алу және ескі ғимаратты бұзу жұмыстары жүріп жатқандығынан құлағдар етті.

Құрылыс алаңында кетірілген қателіктер ескеріліп, жұмыс бір қалыпқа түскен. Стационар мен емхананың қабырғалары тұрғызыла бастады. Құрылысшылармен қатар ішкі әрлеушілер жертөлені жөнге келтіре бастаған. Фирма барлық құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтаймыз деп жоспарлауда. Кейіннен жылу беріп, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісетін болады.

Емхананың ғимаратын босату үшін қабылдау жүргізіп отырған дәрігерлерді «Рахат» қонақ үйіне көшіру міндеті туындаған еді. Осы жұмыстың тездетілуіне «Элхон» ЖШС жұмыскерлері глубокоелықтарға әлеуметтік көмек ретінде дәрігерлердің отыратын жерлерін ретке келтіурге қолұштарын созған.

Бүгінде бас нысанда 50 адам еңбек етуде. Бірақ, құрылыс жұмыстарының ауқымдылығы асқан сайын 300-ден аса адам жұмылдырылатын болады. Сондықтан, жұмыссыз жүрген тұрғындардың жұмыспен қамтылуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, жалақының уақытында төленіп туруына да кепілдік беріледі.

Мәселен, глубокоелықтар Құмаров мырзаның құрылыс алаңындағы өнеріне қанық, сондықтан ауыз күйген үрлеп ішеді демекші, тегін жұмыс істеуге ешкімнің құлқы жоқ. Жақын уақытта мердігер фирма өзінің техникалырының келуін күтуде.

Аталмыш фирма өзін ШҚО тапсырыстарын сапалы орындайтын құрылыс серіктестігі ретінде танытқан. Мәселен, Бобровка ауылында салынған мектеп, Семейдегі 300 орындық аурухана сынды нысандар бүгін ел игілігіне пайдаланылуда.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив