KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде «Урал» жүк көліктері құрастырылады

1.07.2013, 18:00 238


Семей қаласындағы «СемАЗ» кәсіпорнында «Урал» маркалы жүк көліктерін шығару бойынша таныстырылым болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Таулы-батпақты қиын жерлермен кідірмей жүретін үш білікті үлкен жүк көліктерін құрастыру желісін құруға жарты жыл уақыт кетті. Миасалық (Ресейдің Челябинск облысы) әріптестермен бірге біз жылына «Еуро-3» стандартына сай келетін 400 автокөлік құрастыра аламыз, – дейді «СемАЗ» зауытының бас директоры Асемхан Досқұжанов.
Оның айтуынша, келісімшартқа сәйкес құрастыруға қажетті барлық қосалқы жабдықтарды зауыт өзі сатып алады, ал Миасадан тек автокөліктің шанағы ғана әкелінеді.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив