KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Шығыс Қазақстандағы Зырянда алтын мен күміс өндіріледі

18.04.2013, 18:00 179


Зырян ауданындағы «МагмаВест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құны - 775 миллион теңге болатын алтын мен күміс концентраттарын өндіру мен өңдеу жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар аудандағы «Манах» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сөндірілмеген әк өндіретін модульді зауыт салып жатыр. Жобаның құны 987 миллион теңге, мұның 657 миллион теңгесі өз қаржысы есебінен және 330 миллион теңгені банктен қарызға алған. Қазіргі кезде шикізат базасын дайындаумен айналысып, кен қойнауын игеруге кірісті. Электр желісі тартылып, дербес дизельді электр стансасы орнатылды. Әкті ұнтақтау-сұрыптау кешені мен бұрғылау қондырғысы іске қосылды.

«Өрел» тау шаңғысы кешенін жетілдіру жобасы бойынша бассейн және пантымен емдеу орынжайын салу жоспарланған. Мамандар аспалы жолды жаңарту жұмыстарын бастап кетті.

Жалпы Зырян ауданының кәсіпкерлері биыл барлығы бес инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив