KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Тұрғысын өзеніне су электр станциясы салынады

23.08.2017, 04:11 184

«Eco Energy» ЖШС Зырян ауданындағы Тұрғысын өзеніне су электр станциясын салу жұмыстарын бастағалы жатыр.


Бұл туралы аталған серіктестің хабарламасында айтылады. Мәтінде ашық жиналыс форматындағы қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарланады.


«Eco Energy» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Тұрғысын өзенінде Тұрғысын СЭС-2 салу» жобасы бойынша «Зырян орман шаруашылығы» КММ аумағында Тұрғысын СЭС-2 құрылысы және эксплуатациясы үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға арналған басқа санаттағы жерлерге көшіру бойынша ашық жиналыс форматындағы қоғамдық тыңдаулар өтетіні туралы хабарлайды.


Қоғамдық тыңдаудың өтетін уақыты және орны: 2017 жылдың 15 қыркүйегі, сағат 11:00, Зырян ауданы, Парыгино ауылының Мәдениет үйі ғимараты.


Байланыс телефоны: 8-705-811-17-55, Жалғаубаев Жасұлан.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив