KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Тракторшы-машинист жастар кәсіби шеберліктері үшін марапатталды

25.06.2013, 18:00 166


Глубокое аграрлық колледжінің оқушылары халықаралық, облыстық байқауларға қатысып, алдыңғы орындардан көрініп жүр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биылғы облыстық байқауда Андрей Решетников қазылар алқасының ұйғаруымен үздік дәнекерлеуші, Қадыр Сейілғазинов халықаралық байқауда үздік көлік жүргізуші атанды. Андрей халықаралық байқауда осы мамандық бойынша екінші орынды иеленді.

Ал өткен жылғы халықаралық байқауға дәнекерлеуші мамандығы бойынша Анатолий Макаров пен Николай Мягков қатысып, Анатолий бірінші, Николай екінші орынға ие болды. Бұған қоса, жүргізушілер арасында Павел Куценко бірінші орынды еншіледі. Сол жылы облыстық байқауда Николай Мягков бас жүлдеге ие болды.

Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында өткен «Менің кәсібім – менің мақтанышым» атты форумда жұмыс берушілер колледждің өткен жылғы тракторшы-машинист мамандығын меңгерген үш түлегінің кәсіби шеберлігіне ризашылық білдіріп, жиналған жұртшылық алдында марапаттады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив