KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Оқушылар арасында үздік дәнекерлеуші анықталды (+сурет)

26.05.2013, 18:00 204


Өскемен құрылыс колледжінде өндіріс оқытушысы П.Н. Құрмановтың атына арналған облыстық «Үздік дәнекерлеуші» кәсіби шеберлігінің дәстүрлі жарысы өткізілді. Сайыс колледждің 80-жылдық мерейтойына арналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқушылар арасында үздік дәнекерлеуші анықталды (+сурет)Семей, Риддер, Зырян қалалары мен Глубокий, Абай, Жарма аудандарынан және басқа облыстардан келген 11 конкурсант кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың өнерлерін «ЮКО» ЖШС, «Промтехмотаж» Өскемендік басқармасы» ЖШС, «AES ӨЭЖО» АҚ сияқты кәсіпорындардың өкілдерінен құрылған комиссия бағалады.

Оқушылар арасында үздік дәнекерлеуші анықталды (+сурет)Қатысушылар өздерін таныстырған кезде шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіншілігіне ие болды. Сол сәтте мультимедиялық технологиялар іске қосылып, видеосюжеттер әзірленді.

Оқушылар арасында үздік дәнекерлеуші анықталды (+сурет)Ал теориялық тапсырмалар қатысушылардан «Арнайы технологиялар», «Еңбекті қорғау», «Материалтану» пәндерінен терең білімдерін көрсетуді талап етті.

Тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде, барлық конкурсанттар әр түрлі кеңістіктегі жағдайларда ыдыстарды дәнекерлеу бойынша өз кәсіби білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Тартысты өткен сайыста 1- орынды Андрей Решетников, 2-орынды Александр Новиков иеленсе, 3-орын Константин Воровьевке бұйырды.

Сонымен қатар әртүрлі номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен грамоталар беріліп, ең үздіктері бағалы жүлделермен марапатталды. Жеңімпаздарғы сыйлықтарды сарапшылық комиссиясының төрағасы, «Промтехмотаж» Өскемендік басқармасы» ЖШС-нің бас дәнекерлеушісі А. Власов тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив