KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстан чемпионатында шығысқазақстандық атлетшілер 2 орын алды

7.04.2013, 18:00 121


Алматыда жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен Қазақстан чемпионаты өтті. Біздің облыстың саңлақтары жарыстарда нәтижелі өнерімен көзге түсіп, жалпыкомандалық есепте алматылық спортшылардан кейін екінші орын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Біздің облыстан ересектер арасында сынға түскен Евгений Лабутов екі бірдей медальды жеңіп алды. Ол балға лақтыруда екінші орынды иеленсе, табақша лақтыруда ең үздік көрсеткішке жетіп, жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді. Еліміздің ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары Евгенийге сенім артып отыр. Ол биыл шілде айында Үндістанда болатын Азия чемпионатына қатысады.

Сондай-ақ, Варвара Назарова да Евгенийдің жеңісті жолын жалғастырып, аса тартысты өткен бәсекеде екі медальды олжалады. Ол найза лақтыруда елімізде теңдесі жоқ спортшы екенін дәлелдесе, табақша лақтыруда да екінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер арасында Александр Шматов қарсыластарынан бір жас кіші болса да, оның шырқата лақтырған балғасы барлық бәсекелестерінің көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Варвара мен Александр еліміздің құрама командасына қабылданды. Олар енді алдағы мамырда Орталық Азия елдерінің спортшылары сынға түсетін халықаралық жарысқа қатысады. Ал күзде ІІІ Еуразия ойындарында бақтарын сынайды.

Жасөспірімдер арасында балға лақтыруда Владимир Торлопов шеберлігін дәлелдеп, дара шықты. Ал ересектер арасында Лев Миргородский екінші орынға ие болды. Ал Андрей Лейменов жартылай марафонда көмбеге үшінші болып жетті. Андрей Шель найза лақтыруда, Татьяна Романова балға лақтыруда бірінші үштікке енді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив