KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Тұңғыш республикалық жұмыспен қамту форумы Шығыс Қазақстанда өтті

23.06.2013, 18:00 116


Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған республикалық жұмыспен қамту форумы Көкпекті ауданы Көкжайық тірек елді мекенінде өтті.

Оның Шығыста өткізілуінің де себебі бар, өйткені «Жұмыспен қамту-2020» және тірек елді мекендерді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөненінен аймағымыз республика бойынша көш бастап келеді.

Шараға Премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бастаған салаға қатысты түрлі министрліктердің өкілдері, Форумға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова, Мәжіліс депутаттары Гүлмира Исимбаева мен Светлана Ферхо, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы ресми өкілі Стивен Тулл, облыс әкімдерінің орынбасарлары және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары өкілдері қатысты.

Қонақтар Көкпекті ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Самар ауылындағы жеке кәсіпкер Қайрат Тұңғышпаевтың омарта шаруашылығында, жаңадан ашылған жићаз цехы мен «Рыбпром» серіктестігінде және өзге де нысандарда болды. Олардың дені «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында құрылған.

«Рыбпром» кәсіпорны 120-дан астам адамға жұмыс беріп отыр. Мұндағы балықтан жасалған жартылай фабрикаттар негізінен Еуропа елдеріне сатылады екен. Қарқынды өркендеп келе жатқан аталмыш серіктестік бүгінгі таңда мемлекеттің қолдауына аса мұқтаж емес, олар керісінше тірек ауылға қолдан келгенше демеу көрсетуге әзір.

Вице-премьер Ербол Орынбаев Самар ауылында жаңадан салынған спорт модулінің ашылу салтанатына қатысты. ғимараттың іргесінен балаларға арналған ойын алаңы, футбол стадионы, хоккей қорапшасы орын теуіпті. Нысанды салған мердігер ұйым – «Nadal Trade» өз есебінен кешеннің айналасын абаттандырып, яғни 300 шаршы метр аумаққа асфальт төсеп, қоршау орнатып, жарықтандырып шыққан.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастар саясатына әрдайым ерекше көңіл бөліп отырады. Сол себепті біз облыс жастарының сапалы білім алып, лайықты жұмыспен қамтылуы үшін, яғни өз-өздерін шыңдап, өсіп-өркендеуі үшін қолымыздан келген барлық мүмкіндікті жасауға тырысудамыз. Ал, жас ұрпақтың міндеті – еліміздің білімді де білікті, дені сау, отансүйгіш азаматтары болу, – деді аймақ басшысы спорт модулінің ашылу рәсімінде.

Ресми делегация өкілдері Самар ауылындағы балалар шығармашылығы үйінде болды. Мекеме меңгерушісі Галина Штукерт қонақтарды түрлі үйірмелердің жұмысы жайында, оқушылардың жеткен жетістіктері туралы хабардар етті. Бұдан соң форумға қатысушылар екі жыл бұрын «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйін тамашалады.
Аудандағы келесі тірек елдімекен – Преображенкада жергілікті кәсіпкерлер шығарған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Айталық, кәсіпкер Тілебалды Құсайынов көрмеге өзі жасаған пималарын қойыпты. Ол шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасының арқасында пима басу цехын ашқан. Сондай-ақ, делегаттар аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі – «Өрнек» серіктестігінің жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы техникаларын көрді.

Бұдан кейін саябақ маңында үкімет делегациясы бір топ мал дәрігерлеріне су жаңа «Нива» автокөліктерінің кілттерін табыс етті. Салтанатты шарадан соң вице-премьерге «Елім-ай-Көкпекті» жобасы таныстырылды. Аталмыш шаруашылық асыл тұқымды сиырларды өсірумен айналысады. Серіктестік жетекшісі Серікбол Айтмолдиннің айтуы бойынша, олар несиелендіру бағдарламасына қатыса отырып өз әлеуеттерін күшейтуде. Мәселен, несие қаржысына асыл тұқымды мал, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы сатып алған. Шаруашылық жем-шөп базасын нығайтып, бағдарламаның арқасында суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп жатыр.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив