KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Травматикалық қарумен жарақаттады

9.06.2013, 18:00 171


Үржар ауданының орталық ауруханасына «бас сүйек пен мидын жабық жарақаты және самай жағының соғылған жарақаты» диагнозымен Науалы ауылының 22 жасар тұрғыны жеткізілді. Жігіт өзі жығылып қалдым деп арыз жазып түсініктеме беруге бас тартса да, полиция қызметкерлері факт бойынша тексеру жүргізді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында 9-маусымда түнгі сағат 2-де Науалы ауылында орналасқан дәмхананың жанында Жанатілек ауылының тұрғыны 18 жасар жігітпен сөзге келіспей араларында жанжал шыққаны анықталды. Алматы қаласы колледждері бірінің 2-ші курс студенті бұзақылық жасап, 22 жастағы ер балаға «Оса» травматикалық пистолетінен бір рет оқ атып жіберген.

Осы қылмыс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Травматикалық қаруды қолданған жігіт уақытша қамауға алу изоляторына орналастырылды.

Қосымша тергеу барысында полицейлер «Оса» қаруы студенттің атына тіркелмегендігін анықтады. Жігіттің айтуы бойынша, Алматы қаласының базарынан белгісіз адамдардан 20 мың теңгеге сатып алған.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив