KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Түнгі атыста клуб күзетшісі жарақаттанды

27.10.2013, 18:00 175


Түнгі сағат 02:00-де Семей қаласының ауруханасына көкірек қуысы жарақатын алған 26 жастағы ер адам хабарласқан. Оның түнгі клубта күзетші болып жұмыс істейтіні анықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы факті бойынша жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде бұл жарақатты ұрыс-керіс кезінде 18-20 жасар ер адамның травматикалық қарудан ату кезінде салғаны белгілі болды.

Семей қалалық ІІБ-ның жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде К. атты 1991 жылы туған жігітті анықтап, ұстады. Одан «Оса-Лазер» травматикалық қаруы алынды.

Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК 257-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив