KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Семейлік оқушылар Францияға жолдама алды

9.06.2013, 18:00 154


Алматы қаласында өткен «Алаш қайраткерлерінің Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы ғылыми мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциядан Семей қаласының № 47 және Бегалин атындағы мектептердің оқушылары жүлделі оралды. Олар шілде айында Францияда өтетін конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқушылардың ғылыми конференциясын ҚР Білім және ғылым министрлігі, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ар ілімі» республикалық жасөспірімдер журналы, Мұстафа Шоқай атындағы Қазақстан – француз достастық қоғамымен бірлесіп өткізген болатын.

Нәтижесінде № 47 мектебінің оқушылары Ләззат Құсайнова мен Ақжан Келдібекова «Алаштың соңғы тұяғы Қ.Мұхаметқанов мұрасының зерттелуі» атты ғылыми жұмыстары жүлделі III орын алып, Дипломмен марапатталды, арнайы сертификатқа ие болды.

Сонымен қатар дарынды оқушылардың жетекшілері Жаңагүл Құрманбаева, Жазира Қасымқызы Жәзира да ескерусіз қалған жоқ.. Тәрбиеленушілерінің жоғары жетістіктері үшін олар Алғыс хаттармен марапатталды.

Оқушылар мен мұғалімдер енді 2013 жылдың шілде айында Франция, Париж қаласында өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға жолдама алып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив