KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Аймақ басшысы облыстық қоғамдық кеңес төрағасының иығына шапан жапты

6.06.2013, 18:00 113


Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Лопаткинді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Облыс үшін, әсіресе, қарапайым адамдардың проблемаларын шешу, қолдау, көмек көрсету, кеңес беру бағытында сіз жетекшілік ететін қоғамдық кеңес өте көп шаруаларды тындырып отыр. Шынында да бұл қоғамдық кеңес облыс тұрғындарының, жұртшылықтың мәселелерін шешу үшін құрылған. Сіздің бастамаңызбен аудандар мен қалалардың барлығында дерлік осындай кеңестер ұйымдастырылды. Бәрімізге қандай проблемалар бар екенін, қайсысына назар аудару керектігін, жергілікті билік өкілдерін қатыстыра отырып, қоғамдық кеңесте қандай мәселелерді талқылу қажеттігін ашық айтып отырасыз, – деген облыс басшысы ізгі тілегін білдіріп, мерейтой иесінің иығына шапан жапты.
Владимир Федорович Күршім ауданының Ақбұлақ ауылында туған. Еңбек жолын 1959 жылы бастап, бірқатар жұмысшы мамандықтарын игерді. 1970 жылы өндірістен қол үзбей Қазақ политехникалық институтын бітірді. Үлбі металлургия зауытында жастар ұйымын басқарды. Одан соң Өскемен титан-магний комбинатында, Шығыс Қазақстан машина жасау зауытында жемісті еңбек етті.

Өмірлік және кәсіби бай тәжіри-бесімен, азаматтық белсенділігімен, еңбексүйгіштігімен, өз ісіне адалды-ғымен көпшілік құрметіне бөленіп, «Халықтар Достығы» орденімен, ме-рекелік медальдармен марапатталды.

Бүгінгі күні облыстық қоғамдық кеңес өңірдегі барлық бірлестіктерді біріктіріп, ел игілігі үшін жұмыла жұмыс істеп жатыр. Мәселен, азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру, экологиялық ахуал және басқа да өзекті мәселелер бо-йынша өз ойларын білдіріп, жұрттың әлеуметтік жағдайын оңдауға атсалысып келеді.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив