KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Үржар ауданында қоғамдық кеңес құрылды

21.08.2013, 18:00 125


Үржарда облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің көшпелі мәжілісі болып өтті. Мәжілісте денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азық-түлік пен тауар бағасын өсірмеу сияқты әлеуметтік мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Облыс басшысының бастамасымен құрылған қоғамдық кеңестің мақсаты – қоғамның пікірін білу. Еріктілер әр ауданға барып, халықпен кездесіп, сауалнама жүргізеді. Нәтижесінде біз өңірде қандай проблемалар бар екендігін анықтаймыз. Туындап жатқан мәселелер жайында атқарушы органдарды хабардар етеміз, – деді облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышов.

Аудандағы медициналық қызмет сапасы жайында №1 медбірлестігінің директоры Айгүл Нұрғалиева айтса, №2 медицина бірлестігінің директоры Нағима Жақиянова медицина саласындағы проблемаларға тоқталды.

Санитарлық көліктердің ескіргендігі, кейбір ауылдар жаңа дәрігерлік амбу-латорияларды қажет ететіндігі айтылды. Осы жиында Үржар ауданында қоғамдық кеңес құру туралы шешім қабылданды. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сандыбаев жетекшілік ететін болды.

Бейсенғазы Ұлықбек

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив