KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Семейде діни ахуал атқарушы биліктің жіті бақылауында

16.04.2013, 18:00 240


Семейде қала әкімінің орынбасары З.Р. Исабаеваның төрағалығымен қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы болып өтті. Оған кеңес мүшелері, сондай-ақ қала мектептеріндегі дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне сілтеме жасап.

З. Исабаева кіріспе сөзінде атап өткендей, жастарымыздың рухани дамуы олардың діни көзқарастарына тікелей байланысты. Жаһандану заманында діни тәрбиенің маңыздылығы ерекше болып табылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша бас имамы Мақсат Қуанышұлы исламның ағымдары, қоғамда қалыптасқан жағдай жайлы хабарлап, дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы және олармен күрестің әдістері туралы ақпаратпен бөлісті.

Аймақтағы ішкісаяси тұрақтылықты сақтаудағы діни бірлестіктердің рөлі туралы ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Айдар Садырбаев баяндады. Баяндамашы атап өткендей, Семей қаласында қайта тіркеуден өткен 35 діни бірлестік бар. Оның 18 мұсылман, 4 православие, 2 католик және 11 дәстүрлі емес діндерге жатады.

Қалада жат ағымдармен күресу мақсатында ақпараттық-насихат топтары жасақталған болатын. Оның құрамына атқарушы, құқық қорғау органдарының өкілдері, мешіт пен шіркеудің бас қызметкерлері кірді. Ақпараттық-насихат тобының жұмыс жоспары әзірленіп, ай сайын іс-шаралармен толықтырылуда. 2013 жылдың бірінші тоқсанында 30 іс-шара өткізіліп, 2,5 мың адам қамтылды. Тыңдаушылар санатына мектеп оқушылары, ЖОО, колледж студенттері, әскери қызметкерлер, бюджеттік ұйым жұмыскерлері және тағы басқа әлеуметтік топтар кіреді. Қалада «Ислам нұры» және «Православие в Прииртышье» атты екі газет шығарылады. Сонымен қоса орталық мешіт пен православ шіркеуінің интернет-сайттары да бар. Дін тақырыбында жергілікті телеарналарда бағдарламалар көрсетілсе, газеттерде арнайы айдарлар ашылған. Студенттер арасында жат ағымдардың белең алуын алдын алу мақсатында студенттердің еріктілер топтары құрылған болатын.

Сонымен бірге кеңес отырысында белгілі болғандай, 2013 жылы ШҚО ішкі саясат басқармасының қаржылық қолдауымен қалада халықты діни ағымдардың мәні жайлы ақпараттандыру және жат ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсету орталығы ашылды. Аталған орталықтың жұмысын «Даналық» қоғамдық бірлестігі үйлестіреді.
Қорыта айтқанда, діни ахуал атқарушы биліктің жіті бақылауында. Барлық атқарылып жатқан жұмыстар дінаралық және ұлтаралық келісімнің нығаюына бағытталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив