KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Діни ағымдардың мәні түсіндірілді

31.01.2013, 18:00 139


Аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Абай ауданының Құйған ауылында болып, діни ағымдардың мәнін ұғындыру, халықтың діни сауатын арттыру мақсатындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл мағыналы кездесуге ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Жиын барысында топ мүшелері еліміздегі дінаралық және конфессияаралық қатынастар бағытындағы мемлекеттік саясат туралы, республика аумағындағы теріс пиғылды ағымдардың негізгі мақсаттары мен жұмыстары жайында әңгімеледі.

Сонымен бірге, желкілдеп өсіп келе жатқан жас буынды олардың ықпалынан қалай қорғау қажеттігі, ислам дінінің құндылықтары туралы мағыналы ақпараттар берді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив