KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Семейлік оқушы халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

30.05.2013, 18:00 236


Павлодар облысы Баянауылда өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша Қ.И.Сәтпаев атындағы халықаралық олимпиадада Семей қаласының 8-сынып оқушысы Алямдар Аскеров ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Павлодар облысы Баянауылда өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша Қ.И.Сәтпаев атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып қайтты.

Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылым саласындағы білімдерін жалғастыруға бағыттау және негізгі ғылымдар саласында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында өткізілді.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан команда құрамында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандарылған мектептерден 4 оқушы қатысқан болатын.

Білім додасында Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Алямдар Аскеров ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды балалар Қ.И.Сәтпаев атындағы мұражай мен Баянауыл ұлттық паркіне саяхат жасады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив