KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскеменде сегіз айлық сәби екпеден соң асқыну алды

28.05.2013, 18:00 151


ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдың кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылық жұмыс тобы топ жетекшісі Татьяна Владимировна Чернышованың бастауымен № 1 және № 2 балалар ауруханасына рейд жүргізді.

Рейдтің мақсаты – жұмыс тобының ШҚО денсаулық сақтау басқармасына арнайы әзірлеген ұсыныстарының орындалуын қоғамдық бақылауға алу.

Рейдке қатысушылар мен БАҚ өкілдері емханалардың бас дәрігерлерімен және меңгерушілерімен кездесті. Рейд барысында 2013 жылдың 27 наурызында өткен денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі жұмыс тобының отырысында қабылданған ұсыныстар талқыланды. Вакциналардың және өзге де дәрі – дәрмектердің сақталатын орындарын және сақтау тәсілдерін тексеру мақсатында екпе бөлмелерін аралады. Сонымен қатар, келесідей мәселелер бойынша ата – аналар пікірі тыңдалды: балаларды вакциналау; екпеге дейінгі және екпеден кейінгі бақылау; ата – аналардың екпеден кейін болатын асқынулар жөніндегі жазбаша келісімі жөнінде
Потанин көшесі, 4 мекенжайында орналасқан № 2 балалар ауруханасына келіп түскен 8 айлық Бурдина Алинаның АКДС және ОПВ екпелерінен кейін болған асқынуы жөніндегі ақпарат талқыланды.

Жүргізілген рейдтің нәтижесіне сәйкес, № 1 балалар ауруханасының жетекшілігі бұл ұсыныстармен таныс және ұсыныстарды орындауда. Ал № 2 балалар ауруханасының жетекшілігі ұсыныстар жөнінде бейхабар болып шықты.

Рейд нәтижесінде келесідей ұсыныстар айтылды: вакциналаудың алдында педиатр дәрігерлер балаларды мұқият тексеріп, вакциналаудан кейін қадағалаулары керек, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметі бақылау комитетінің ШҚО бойынша Департаментіне сатып алынатын вакциналардың сапасына қадағалауды күшейту қажет, вакциналаудан кейін асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар жөнінде ата - аналарды хабардар ету мақсатында СӨСО емханаларға «Вакциналауға дайын бол!» атты ақпараттық стендін орнатуы.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив