KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Сағыр ауылында 200 орындық клубтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

28.05.2013, 18:00 173


Аблакет ауылдық округінің орталығы Сағыр ауылында 200 орындық клубтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аблакет ауылдық округіне қарасты елді мекендердің ешқайсысында да мәдениет үйі болмағанын айта кеткен жөн. Клубтың жоқтығы әсіресе, ауыл жастарына қиын тиіп жүргенін жасырып керегі жоқ.

Нысанды семейлік «ДакаrGroup» ЖШС белгіленген мерзімде өткізуге уәде беріп отырған көрінеді.

Округ әкімі Мергүл Құсайынова құрылыс жұмыстарын аудандық мәслихаттың депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының бақылау постысы мұқият бақылап отырғанын айтады.

Құрылыс белгіленген мерзімде тапсырылса, бұл ауылдық округтің өзінің клубы болады.

Мейрамтай Иманғали

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив