KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Жөн-жосықсыз тексерулер азаймай тұр

26.05.2013, 18:00 180


Аягөз аудандық прокуратурасы қызметкерлері мен кәсіпкерлер арасында өткен кездесуде шағын және орта бизнес нысандарын жөн-жосықсыз тексерудің біраз фактілері ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қаладағы «Айқыз», «Дана», «Керемет» сауда орталықтарының иелері заңдар мен құқықтық актілердің орындалмай жатқанын алға тартты. Айталық, аудандық санэпидемиологиялық станса, өрт сөндіру мекемелерінің заңсыз тексеруі жиілеп кеткен.

Прокуратура мамандарының дәйектеріне жүгінсек, соңғы үш айдың өзінде 46 заң бұзушылық анықталған, оның ішінде 36 заңсыз тексеру болған.

Жалпы, заң аясында жылына бір рет жоспарлы тексеру болады. Осыған қарамай жөн-жосықсыз тексеруші мекемелердің алдында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі тұр, ал ветеринарлық қадағалау мекемесі алғашқы тоқсанның өзінде шаруа қожалықтарын заңсыз 11 мәрте тексерген.

Тексеруші мекемелердің де өкпелері қара қазандай, айталық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, электр желілеріндегі ақауларды жасырған кәсіпкерлердің салғырттығынан төтенше жағдайлар орын алуда.

Аудан прокурорының көмекшісі Әлия Әткешеваның айтуынша, аудандық прокуратура жанында мобильдік топ жұмыс істеп, сенім телефоны орнатылған. Сенім телефонының арқасында соңғы айларда төрт кәсіпкер шағымы бойынша тиісті шара қолданылып, кәсіпкерлік бөлімінің бір қызметкері заңсыз тексергені үшін әкімшілік жазаға тартылды.

Заң орындарының, тексеруші мекемелердің әзірше ретке келтіре алмай отырғаны – көшедегі жүгенсіз жайма сауда. Бұл тұрғыда заңның әлсіз тұстары байқалады. Сондай-ақ, ауыл кәсіпкерлеріне өз құқықтарын қорғауда келелі кеңес беру әлі де мардымсыз жүргізілуде.

Қадырбек Кәкімұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив