KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемен қаласында сүт өнімдерінің бағасы көтерілмейді

4.03.2013, 18:00 158


Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындармен тұрақтандыру қорының арнайы дүкендеріне түсетін сүт өнімдерінің бағасын көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімі баспасөз қызметіне сүйеніп.

«Эмиль», «Вост Мол», «Багратион» сияқты кәсіпорындардың басшылары бөлшек саудада олардың өнімдерінің бағасы 10 пайыздан артыққа қымбаттамайтыны туралы жауапкершілік алды. Меморандумның негізгі талаптарының бірі –майлылығы 2,5% өнімнің бағасы литріне 150-155 теңгеден артпау керек» деп түсіндірді С.Тәукебаев.

Меморандумның күші 2013 жылдың 1-маусым айына дейін жойылмайды.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының арнайы дүкендері қала әкімінің жіті бақылауында екенін айта кеткен жөн.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив