KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 1,7 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Өскемен қаласында «Құс тұмауы А» дертіне тойтарыс беру жоспарланып отыр

14.05.2013, 18:00 159


Өскемен қаласында «Құс тұмауы А» дертінің алдын алу мақсатында жаттығу-оқу шаралары өтеді. Бұл іс-шара Қытай елінде құс тұмауының А(H7N9) вирусын жұқтырғандардың тіркелуіне байланысты ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Защита бөлімшесі темір жол транспортында Қазақстанға құс тұмауының А(H7N9) вирусын енгізу мен таратудың алдын алу мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстар жүргізеді.

«Құс тұмауы А(H7N9)» аңызы бойынша жаттығу-оқулары Защита темір жол ауруханасында 21 мамырда 10.00 мен 11.00 сағат аралығында өтеді деп жоспарланған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив