KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Үржар ауданында шекарашылардың жас достары сайысты

14.05.2013, 18:00 110


Үржар ауданындағы Найманбай атындағы мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Шекарашының жас достары» атты сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, капитан Айтқазы Садырбаев өткізген шараның мән-мақсаты – жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ, балалардың әскери өмірге қызығушылығын арттыру.

Осы шара барысында саптық жүріс, саптық ән, қол күресі, гір көтеру, викторина сияқты жарыстар өткізілді. Сайысқа қатысқан «Жас қыран», «Aрсенал», «Жас шекарашылар» топтарының әрқайсысы жоғары деңгейде дайындалғандарын байқатып, жауапкершілік танытты.

Мектептің спорт залында басталып, акт залында жалғасын тапқан бұл сайыстың өтуіне мектеп директоры-ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кәбдікәрімқызы айтарлықтай еңбек сіңірді. Сынып жетекшілері Э.Жаркенова, М.Чушекова, Ж.Оспанова да өз оқушылары үшін аянбай тер төкті. Жекелеген сайыстарда, мәселен, гір тасын көтеруде Е.Қасымжанов пен Д.Дәлдібаев ерекше көзге түссе, қол күресінен Р.Дауытов пен Э.Шалқар жеңімпаз атанды. Алғашқы медициналық көмек көрсетуде Ш.Құрманғазы, М.Дәлелханова, Ж.Есіболова сыннан сүрінбей өтті.

Сайыстың нәтижесінде «Aрсенал» бірінші, «Жас қыран» екінші, ал «Жас шекарашылар» үшінші орынды иеленді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив