KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Ұлан ауданындағы фестиваль эстафетаға жалғасты

13.09.2012, 18:00 133


Ұлан ауданы, Огневка кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектептің ұжымы да «Денсаулық фестивалі – 2012» шарасынан тыс қалмады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Саптық жүрістен басталған фестиваль мектеп оқушылары және олардың ата-аналары қатысқан достық эстафетасына ұласты. Олардың қолдарында салауатты өмір салтын насихаттайтын ақ жалаушалар болды.

«Денсаулық фестивалі – 2012» мерекесінде Огневка кентінің әкімі А.Омаров пен мектеп директоры С.Цыба құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сайыстарда табыс тіледі.

Бұдан кейін бастауыш сынып оқушылары үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін армрестлинг, кермеге тартылу, биікке өрмелеу, футбол сияқты түрлі спорттық сайыстар мен веложарыс өткізілді. Мерекенің музыкалық сүйемелдеуі ретінде саптық әуендері шырқалды. Кеш соңында жүлделі орындарға ие болғандарға және жарысқа қатысушыларға мақтау қағаздары берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив