KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

«АЛАУДЫ» АЛАУЛАТҚАН АРУЛАР

11.04.2012, 18:00 224


Көкпекті ауданы Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте өткізілген «Алау» әскери-саптық жарысына өңірдегі 11 мектептің қыздары қатысып, шеберліктерін сынға салды.

Әскери киім киген сымбатты арулар алғашқы саптық байқауда-ақ аяқтарын бірдей алып, сымдай тартылды. «Сапта жүріп, ән айту» сайысын да өте қызғылықты өткізген бойжеткендер алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімдерін викторина арқылы көрсетіп, қазылар алқасының әділ бағаларына ие болды.

Сөйтіп, жалпыкомандалық сайыс бойынша №1 Самар орта мектебінің арулар командасы бірінші орынға көтерілді.
«Алау» атты мұндай әскери-саптық байқау жылда өтіп тұрады. Сондықтан еліміздің қарулы күштерінің нығаюына ықпалы мол бұл патриоттық шараның мәні де зор.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив