KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан облысында стандартқа сай емес 144 мектеп бар

12.05.2013, 18:00 341


Шығыс Қазақстан облысында білім ордаларын оңтайландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл ең алдымен оқушылар саны жеткіліксіз мектептерге қатысты шешіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қазір облыста стандартқа сай емес 144 мектеп бар. Өткен жылы жалпы білім беретін 20 мектеп оңтайландыруға ұшырады», дейді облыстық білім беру басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова.

Биыл бұл үдіріс тағы жалғаспақшы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаулысы бойынша, ауылды жерлерде орта мектептерде кем дегенде 80 бала оқу керек. Ал негізгі білім беретін білім ошақтарындағы (9 сынып) оқушылардың саны 41-ден, бастауыш мектептердің оқушылар саны 5-тен аз болмауы керек екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив