KZ
Өскемен
+12°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Қазақстанда «Үздік пациент» республикалық байқауы жарияланады

5.05.2013, 18:00 66


Қазақстанда «Үздік пациент» атауы үшін республикалық байқау жарияланады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Конкурсқа іріктеу диспансерлік есепте тұрған науқастар арасында жүргізіледі. Үздік пациент атағына өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын, дәрігердің барлық ем-домын бұлжытпай орындайтын, тамақтану тәртібін сақтайтын науқас лайық деп саналады.

Сонымен қатар пациенттің жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, негізгі препараттарды уақытында қабылдауы, қан сараптамасының дұрыс болуы, бір жыл ішінде негізгі дертінің ушықпауы, дәрігердің қабылдауына және тексерілуге үнемі келіп тұруы сияқты критерийлер де ескерілетін болады.

"Осындай байқаудың өткізілуі науқасты өз денсаулығын сақтауға ынтымақтастық жауапкершілікті сезінуіне, тұрғындардың дәрі-дәрмек жөніндегі сауаттылығын арттыруға көмектеседі», - деседі ұйымдастырушылар.

Байқау 2013 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында өтеді.



Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив