KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Мақаншылық оқушылар киіз үйлерге электр жарығын беретін су электр стансасын ойлап тапты

5.05.2013, 18:00 76


Мақаншыдағы аудандық өнер мектебі осыдан үш жыл бұрын өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ашылған болатын. Аталған мектептің оқушылары осымен екінші жыл қатарынан қолөнер көрмесін ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Мектеп қабырғасында тәлім алып жатқан оқушылар Ш.Манақбаева, С.Қосетов, С.Оңғарбаев, М.Құржықаев сынды мұғалімдерден бастауыш техника мен су техникасының модельдерін жасауды, жалпы техниканың жасалуы мен картоннан олардың эскиздерін оюды үйренуде.

Бұл жолғы көрмеге де жыл барысында оқушылар қолынан шыққан туындылар көптеп қойылыпты. Айталық, Уәли Әлібидің жасаған желкенді кемесі мен Расул Жұмановтың жағалау күзет кемесі, сондай-ақ, Аслан Бекболатовтың «Кристалл» атты теплоходы мен Шынар Әнуарқызының ағаштан жасалған мотоциклі көптің көңілінен шықты.

Серікқали Қосетов пен Серік Оңғарбаевтың басшылық етуімен дүниеге келген «Бәйтерек» эскизі ерекше көз тартады. Ал Рахима Ержанқызы, Аяулым Малтенбаева, Айжан Дүйсен сынды оқушылардың күйдіріп жасаған гүлдер топтамасы мен Қорқыт бабаның қобыз ұстаған келісті бейнесі де көрменің көркін кіргізе түскендей.

Балалар шығармашылық үйі ұйымдастырған көрмеге Мақаншыдан 100 шақырым жердегі Жарбұлақ орта мектебінің оқушылары да келіпті. Олар суда тұрып айналатын тегершіктер арқылы от алатын генератордан киіз үйлерге электр жарығын беретін су электр стансасын жасап әкеліпті.

Найманбаев мектебінің тәлімгері Татьяна Кравченконың оқушылары гобелен сеткіге тіккен суреттер мен сәндік бұйымдар салатын қобдиша да ерекше сәнімен сүйсіндірген.

Мұратқазы Саябаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив