KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Катонқарағайлық оқушылар іс те тігеді, тамақ та әзірлейді

21.02.2013, 18:00 115


Катонқарағай ауданындағы Ленин атындағы орта мектепке «Мейірім» акциясы аясында «KLAD-TRIO» ЖШС жалпы сомасы 150 мың теңге болатын бес электр тігін мәшинесін, қысқа толқынды пеш және асханалық шағын комбайнды сыйға тартты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінде осы білім ошағының оқушылары аталған құралдарды қызығушылықпен меңгеріп, әртүрлі бұйымдар тігіп, түрлі аспаздық тәтті-дәмділер әзірлеп үйренуде.

"Заманауи мектептерде тек білім берумен шектелмей, балаларды өз еркімен өмір сүруге, ас дайындап, тігін тігуге баулу керек. Осы орайда мына жабдықтардың бізге үлкен көмегі тиіп отыр" дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уәзипа Борамбаева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив