KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Филиппин жағалауында саяхат кемесі өртке оранды

31.03.2012, 18:00 140



Филиппин жағалауында «Азамара Квест» деп аталатын саяхат кемесінің машина бөлімінде шыққан өрттен кейін, кеме ағынның күшімен қалқып келеді. Онда 1 мыңға жуық адам бар екені белгілі.

Кемеге ие компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жолаушылар арасынан ешкімге зақым тиген жоқ, алайда өртті сөндіру кезінде экипаждың 5 мүшесі күйік алған. Саяхат кемесі Манила қаласынан 29 наурызда шығып, Сингапурға бет алған болатын. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірше белгісіз. Теңізде өз бетімен қалқып келе жатқан лайнерге Филиппин жағалау күзетінің екі кемесі жіберілген.

http://khabar.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив