KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Шығыс Қазақстанда жол апатынан өрімдей 2 жігіт көз жұмып, тағы 3 жас әл үстінде жатыр

2.05.2013, 18:00 96


ШҚО Абай ауданындағы Қарауыл елді мекенінде аударылған автокөлікте отырған өрімдей 5 жас қатты жарақаттанып, олардың 2-уі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, қалған3 жолаушы әл үстінде жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарауыл елді мекенінде ВАЗ-21703-139-23 автокөлігі аударылып, ішінде отырған 21-25 жас аралығындағы 5 жолаушы да зардап шекті.

Жол-көлік апатының салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен 23 жастағы жолаушы алған жарақаттардан ауруханада қайтыс болды. Қалған 21, 23, 25 жастағы тағы 3 жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив