KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Төрт жігіт саяжайға жетпей, жол апатынан мерт болды

27.10.2013, 18:00 275


Семей қаласында жексенбі күні саяжайда демалмақшы болған төрт жігіт діттеген жерлеріне барар жолда көлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 27-қазанда таңғы 4 сағатта «Мұрат» саяжайына бара жатқан Тойота Камри-10 көлігі аударылған. Мамандардың айтуынша, 19 жастағы жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырғандықтан жол шетіндегі кедергіге соғылып, ауып қалған. Бақытсыз оқиғаның салдарынан жүргізуші мен көлікте отырған 20, 20, 28 жастағы үш жолаушы сол жерде жан тәсілім болды.

Осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив