KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Алексей Полтораниннің олимпиадаға дайындалуына арнайы жасақталған команда көмектеседі

22.04.2013, 18:00 191


ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов Риддер қаласында болып, қысқы спорт түрлері бойынша командалардың бас және аға бапкерлерімен кездесті. Осы отырыста келесі жылы Сочи қаласында болатын ХХІІ қысқы Олимпиада ойын-дарының дайындық барысы пысықталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы тоғызыншы орынды иеленді. Команданың осындай жетістікке жетуіне шаңғышылар Алексей Полторанин мен Николай Чебатько зор үлес қосты. Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрама командасының аға бапкері Алексей Наконечный Сочи Олимпиадасына әзірліктің барысы, Алексей Полтораниннің оқу-жаттығу жиынын өткізетін базаның материалдық-техникалық жағдайы жа-йында айтып берді.

Сочиде басты сенім артатын спортшылардың бірі – Алексей Полторанин Ванкувер қысқы Олимпиадасында екі мәрте бесінші орыннан көрінген болатын. Қазіргі кезде Алексейдің алаңдамай даярлануына көмектесетін арнайы жасақталған бір команда бекітілген. Онда сервистік қызмет көрсететін сегіз маман бар. Әсіресе, жарыстардың алдында ауа райы құбылыстарына байланысты шаңғы табанының жылдамдығын жетілдіруге әсер ететін майларды дұрыс таңдап, жағып беріп отыратын білікті мамандар керек. Риддер өңірінде шілде айының ортасына дейін қары сақталатын мұздақта спортшыларға арналған база бар. Соған лайықталған қуатты техникалар мен құрылғылар қажет. Аға жаттықтырушы кездесуде осындай мәселе көтерді. Биатлон және фристайл құрама командаларының аға жаттықтырушылары Андрей Головко мен Виктор Лемешко да спортшыларды спорттық үлгідегі киім-кешектермен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қаржыландыру мәселелеріне тоқталды.

"Сочи Олимпиадасына кемінде қырық лицензия алу жоспарланып отыр. Агенттік тарапынан олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың алаңдамай даярлануына барлық мүмкіндіктер жасалады. Ал олар өз кезегінде ел сенімін ақтауы тиіс", – деді Ерлан Қожағапанов кездесуде.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив