KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Қазақстандық ғалым Альфред Нобель атындағы медальмен марапатталды

20.04.2013, 18:00 108


Елордалық ғалым-биотехнолог Сағынбек Әлтайұлы Альфред Нобель атындағы медальге ие болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі 24 kz. телеарнасының деректеріне сілтеме жасап.

Бұл медаль профессорға Ресей Жаратылыстану академиясының шешімімен өнертабыс саласына сіңірген еңбегі үшін берілген.

Сағынбек Әлтайұлы адам өмірін ұзартуға әсер тигізетін өсімдік және күнбағыс майлар құрамындағы фосфолипидтерді ұзақ уақыт бойы сақтау технологиясын тапты. Яғни, суын бөліп алатын аппаратты қолданысқа енгізді.

Бұл құрылғы қуат көздерін үнемдейді. Келешекте фосфолипидтер шоколадтағы какаоны ауыстырып, құрамында зиянды заттары бар сүтті де тазалауға қолданылады.

Сонымен қатар бұл зат адам бауырының қартаюын баяулатып, ойлау қабілетін күшейтеді. Ғалым болашақта өсімдіктер бойындағы барлық пайдалы қасиеттерді пайдаға асыруды көздейді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив