KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Монета жасауға тантал өнімін енгізу технологиясы тек Қазақстанда ғана бар

16.04.2013, 18:00 263


Өскемен қаласындағы монета сарайы күрделі жөндеуден өтеді, қазір қажетті құжаттар жайындалып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы Қазақстан монета сарайы шығаратын бағалы металдардан жасалған монеталар түржиынын көрген Ұлттық банк басшысы Григорий Марченко монеталар қай заманда болсын ең керемет сыйлық екендігін жасырмады. Оның айтуынша, Өскеменнің монета сарайында нағыз дарынды адамдар жұмыс істейді. Әлемдегі монета сарайларының ішінде монета жасауға тантал өнімін енгізу технологиясы тек бізде ғана бар екен.

"Бүгінде Өскеменннің монета сарайы өнімдерінің 40 пайызы экспортқа кетеді. Біздің монеталар халықаралық сегіз награданың иегері атанғанын айта кетейін, онымен қоса екі мәрте жылдың ең үздік монетасын шығарғанымыз үшін
марапатқа ие болдық. Ол жердегі жұмыс ерекшеліктерімен танысу барысында бізге жаңа әзірлемелерді ұсынды, маған керемет ұнады. Жыл соңында жаңа дүниелерді бүкіл қазақстандықтар көре алатын болады. Алдағы уақытта монета сарайы ғимаратын күрделі жөндеуден өткіземіз, қазір қажетті құжаттар дайындалып жатыр", – деді Григорий Марченко журналистерге.

Дарын Нұрсапаров
Суретті түсірген С.Суров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив