KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко келді

15.04.2013, 18:00 153


Өскеменге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жұмыс сапарымен келді. Ол Монет сарайында болды және Ұлттық банкінің жаңартылған ғимаратын қабылдады.

Ұлттық банк төрағасы соңғы рет біздің қалаға 2007 жылы келген болатын. Осы жолы ол Өскемендегі Ұлттық банк қызметкерлерімен кездесіп, құнды кеңестерін айтты.

-Біздің еліміздің әлеуеті зор, -деді Г.Марченко. – Біз өз монеталарымызды өзіміз жасаймыз, ал монета – ең жақсы сыйлық.

Төрағаның айтуынша, тұрғындардың салымы 23 пайызға артқан. Қайта құрылымдауға дейін коммерциялық банктердің сыртқы қарызы 47 млрд, яғни ЖІӨ-нің 50 пайызы болса, қазір 9 млрд доллардан азырақ.

Төрағаның сөзіне қарағанда, доллармен жүргізілетін операциялар үштен біріне дейін азайған, халық бұрынғыдай долларды көптеп алуға әуес емес, операцияның басым бөлігі теңгемен жүргізіледі екен. Сауалнамаға сенсек, тұрғындарың 65 пайызын доллар курсы мүлде алаңдатпайды. Тек қана шетелге тұрақты шығып тұратын 7 пайыз ғана алаңдаушылық білдіретін көрінеді.

Тағы бір айта кетерлк мәселе, ел бойынша несие ставкасы дәл осы ұлттық банкте ең төмен. Ставка жылдан жылға төмендемек.

Марченко мырзаның банк алдына қойып отырған міндеттемелерінің бірі – ақша айналымының болуын қадағалап, айырбас пункттерінің түнде немесе мереке кездеріндедоллар бағамын жалған көтермеуін қадағалау.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив