KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ұлан ауданындағы бордақылау алаңдары малға толды

9.04.2013, 18:00 147


Ұлан ауданында ірі қара малы күтімге алынған 26 бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Онда жылына 3500-ден 4000-ға дейін ірі қара малы кезең-кезеңмен семіртіліп, жылына 650-700 тонна ет дайындалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мал күтімін зоотехникалық-ветеринарлық талаптарға сай жүргізу, мал бордақылау алаңдарында сапалы ет өндіру және оның көлемін арттыру бағытындағы шаралар ұштас-тырыла ұйымдастырылып жатыр.

Қазір ауданда бес мал сою пункті, 15 сою алаңы жұмыс істейді. Бұлардың барлығы да шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржысына салынған және оны тек өз қажеттілігіне пайдаланады.

"Мал бордақылау үшін ең алдымен мал азығының берік қорын жасауымыз керек. Өткен жылдарды сараптасақ, 2008 жылы мал азығындық дақылдар алқабы 17,9 мың гектар болса, бұл күндері 42,6 мың гектарға жетті. Бұл алқаптарға сүрлемдік жүгері, біржылдық және көпжылдық шөп өсіріледі. Шаруашылықтарда шөп шабатын арнайы топ құрылып, қажетті техникалармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, көпжылдық шөптің тұқы-мын дайындаумен айналысатын тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұр" дейді Ұлан ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Амангелді Серғазин.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив