KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Күршімдіктер шетелге ет экспорттайтын болады

21.11.2018, 11:04 138

Абай мен Қалғұтты ауылдық округтерінде мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары салынуда. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.


Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серікхан Ашмановтың айтуынша, бұл мал бордақылау алаңдары «Арын» мен «Ұлан» шаруа қожалықтарының еншісіне тиесілі.


– Енді бұл нысандарға қажетті құрал-жабдықтармен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу керек. Оған арнайы қаражат қарастырылуда,- дейді Серікхан Ашманов.


Айта кетейік, бұл мал бордақылау алаңдары 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін қолданысқа беріліп, 10 адам тұрақтыжұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.


– Алдағы уақытта «Арын» мен «Ұлан»шаруа қожалықтарында салмағы 400 келі тартатын ірі қара мал басын көбейтуге баса назар аударылмақ. Басты мақсат – шетелге ет экспорттап, аудан экономикасын дамытуға үлес қосу, - дейді Серікхан Ашманов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив