KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Ауылдық округтердің ветеринарларына 220-дан астам автокөлік беру жоспарланып отыр

9.04.2013, 18:00 153


Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық округтердің ветеринарлары биыл көлікпен қамтамасыз етіледі. Автокөліктер тек арнайы ветеринарлық пунктері бар ауылдық округтерге ғана таратылатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсенбай Селиханов Көкпекті ауданында өткен «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыруға байланысты семинар-кеңесте айтты.

Басқармасының бастығы агросекторға биыл мемлекет тарапынан көптеген көмектің жасалатынын жеткізді. Ветеринария саласына ерекше көңіл бөлінбекші. Ауылдық округтердің ветеринарларына қазір 220-дан астам автокөлік беріледі деп жоспарланып отыр. Автокөліктер тек арнайы ветеринарлық пунктері бар ауылдық округтерге ғана таратылатын болады.

Дүйсенбай Селиханов ет, сүт бағытындағы мал басын көбейту, егістік алқаптарын ұлғайту, дәнді дақылдардың тұқымын жетілдіру, оны өсіріп сату мәселелеріне де тоқталды.

Мемлекет ұсынып жатқан минералдық тыңайтқыштарды, субсидияларды алу жөнінде көптеген ұсыныстар айтылды. Ал шаруа қожалықтары басшыларының сөзіне сенсек, мемлекет ұсынып отырған субсидияның түрлері көп, бірақ оны алу жолдары өте қиын.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив