KZ
Өскемен
+16°
гроза жел 7 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Өскемен қаласында бір күнде екі зейнеткер көліктің астына түсіп қалды

8.04.2013, 18:00 130


Шығыс Қазақстан облысының орталығында бір күнде екі зейнеткер көліктің астына түсіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен қаласындағы емханалардың біріне келген 73 жастағы қария басы ауыратынына шағымданған. Зейнеткерді дәрігер тексерген кезде денесіндегі басқа да жарақаттарды көрген. Кейін белгілі болғандай, қарияны белгісіз автокөлік қағып кетіпті. Қазір оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Осы күні Защита шағын ауданындағы Лениногорская көшесі бойында 62 жастағы әйел адам Тойота Авалон автокөлігінің астына түсіп, қатты жарақаттанды. Қария жолды рұхсат етілмеген жерде өтпек болған.

Екі бақытсыз жағдай да адамдардың абайсыздығынан орын алып отыр.

Жол сақшылары жаяу жүргіншілерден жолдан тек рұхсат етілген жерлерде ғана, көліктердің әбден тоқтағанына көз жеткізгеннен кейін барып өтуді сұрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив